Адалдық сағаты
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп – гимназиясының оқушылары арасында қашықтықтан «Адалдық сағаты» өткендігі туралы ақпарат
2021 жылдың 2 қарашасы күні мектебіміздің 8-11 сынып арасында ел мақтанышы, елімізге белгілі спортшы, екі дүркін әлем чемпионы Ардақ Назаровпен қашықтықтан адалдық сағаты өтті. Онда спортшы «Отбасы құндылығы», «Жемқорлықты жеңу үшін не істеу керек?», «Парасатты адам деген кім?» деген сұрақтарға жауап алып, парасатты болу қаншалықты маңызды мәселе екені, бірлік және өзара құрмет тақырыбында жастарды патриотизм мен парасаттылыққа шақырды. Ардақ Назаров көпшілік үшін үлгі. Қашықтықтан өткен адалдық сағатында ол жастарды алға қойған мақсаттарға жету үшін аянбай еңбек етуге, үлкендерді құрметтеуге, Отанын сүюге және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.