09
ноябрь
2020
Адалдық сағат 10 "А"
Иван Трубицын атындағы №17ЖББМГ-ның оқушылары арасында ел мақтанышы, елімізге белгілі спортшы, екі дүркін әлем чемпионы Ардақ Назаровпен онлайн адалдық сағаты өтті. Онда спортшы "Отбасы құндылығы"," Жемқорлықты жеңу үшін не істеу керек?", "Парасатты адам деген кім?" деген сұрақтарға жауап алып, парасатты болу қаншалықты маңызды мәселе екені, бірлік және өзара құрмет тақырыбында жастарды патриотизм мен парасаттылыққа шақырды. Ардақ Назаров көпшілік үшін үлгі. Онлайн адалдық сағатында ол жастарды алға қойған мақсаттарға жету үшін аянбай еңбек етуге, үлкендерді құрметтеуге, Отанын сүюге және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=408269603661596&id=100034356782096
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=408269603661596&id=100034356782096