26
ноябрь
2025
«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн»



📢 2025 жылдың 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында елімізде дәстүрлі «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы өтуде. Акцияның негізгі мақсаты — балалардың құқықтарын қорғау, зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінің алдын алу, қауіпсіз және қолайлы мектеп ортасын қалыптастыру.
Акция аясында 26 қараша күні Меркі АПБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Б.Қ.Исабеков және директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Б.Базарбаев 10-11 сынып оқушыларымен “Қатігездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
🎯 Мектептегі акцияның мақсаттары:
Оқушыларды зорлық-зомбылықтың түрлері және оның алдын алу жолдары туралы ақпараттандыру;
Қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру;
Оқушылардың, ата-аналардың және педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру;
Мектептегі буллинг пен кибербуллингтің алдын алу;
Отбасындағы және қоғамдағы қарым-қатынасты жақсарту.
👨🏫 Акцияның күтілетін нәтижелері:
Оқушылардың қауіпсіздік туралы түсінігін арттыру;
Мектептегі буллинг, кибербуллинг жағдайларының алдын алу;
Педагог пен ата-ана арасындағы серіктестікті күшейту;
Қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастыруға үлес қосу