12
ноябрь
2025
“Жасөспірімдер арасында буллингтің алдын алу- басты міндет”




⚜️“Жасөспірімдер арасында буллингтің алдын алу- басты міндет”
🔰Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында ”Жасөспірімдер арасында буллингтің алдын алу” тақырыбында кездесу өткізілді.
📌Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, өзара сыйластық пен қауіпсіз орта құру, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
📎Кездесуге аудандық білім бөлімінің басшысы З.С.Абдирасилова, Меркі ауданы прокуратурасының аға прокуроры Х.Ж.Ажимбеков, Меркі АПБ бастығының орынбасары Ө.Сүйиндиков, Меркі аудандық көпбейінді ауруханасының бас медбикесі Ж.Ж.Тасеменова қатысты. Кездесу барысында білім алушыларға буллинг пен кибербуллингтің түрлері, олардың психологиялық және құқықтық салдары туралы жан-жақты ақпарат берді.Құқықтық сауаттылық, жасөспірімнің өз құқығы мен міндетін білуі, жанжалсыз қарым-қатынас жасау мәдениеті сияқты маңызды мәселелер кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, шынайы оқиғалар арқылы құқық бұзушылықтың жауапкершілігі мен салдары жайлы айтылып, оқушылармен ашық диалог жүргізілді.
📍Осындай кездесулер оқушыларға тәлімді тәрбие беріп, олардың бойында жауапкершілік пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда маңызы зор. Іс-шара соңында оқушылар қойылған сұрақтарға өз пікірлерін білдіріп, қоғамдағы зорлық-зомбылықсыз, қауіпсіз ортаны бірге құруға үндеу жасалды.