“Зиянды заттардан аулақ бол!” » ОШГ №17 имени Ивана Трубицына
Қабылдау бөлімі :
+7(726 32)2 19 93
Есепші бөлімі:
+7(726 32)2 19 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Зиянды заттардан аулақ бол!”
25
февраль
2026

“Зиянды заттардан аулақ бол!”



“Зиянды заттардан аулақ бол!” тақырыбында аудандық орталық аурухананың профилактика бөлімінің меңгерушісі Абдурахманов Шакир Абдушавкатовичтің және мектеп инспекторы Б.Қ. Исабековтың қатысуымен ұлдар жиналысы өтті.

Кездесу барысында «Жасөспірімдер арасындағы лудомания мен игроманияның алдын алу» тақырыптары кеңінен қозғалды. Мамандар жасөспірімдерге зиянды әдеттердің, құмар ойындар мен шамадан тыс ойынға тәуелділіктің кері әсерін түсіндіріп, олардың денсаулыққа, оқу үлгеріміне және болашақ өміріне тигізетін зардаптарын атап өтті.

Сондай-ақ құқықтық жауапкершілік, бос уақытты тиімді ұйымдастыру, спорт пен пайдалы үйірмелерге қатысудың маңыздылығы айтылды. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.

Мұндай профилактикалық кездесулер жасөспірімдердің саналы таңдау жасап, салауатты өмір салтын ұстануына бағытталған.

✨ Болашағыңды бүгіннен ойла – зиянды әдеттен аулақ бол!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив