20
февраль
2026
Полиция қызметкерлерімен бірлесіп мектеп ауласында білім алушылармен кездесу



Мектеп инспекторы Б.Қ. Исабеков жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлесіп мектеп ауласында білім алушылармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында аға лейтенанттар оқушыларды өз қызметтерінің ерекшеліктерімен таныстырып, полиция қызметінің қоғамдағы маңызы туралы айтып өтті. Сонымен қатар, жол жүрісі ережелері (ЖЖЕ) бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, маңызды ақпараттар берілді.
Атап айтқанда:
🔹 Жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысы;
🔹 Бағдаршам сигналдарының мәні;
🔹 Жол белгілеріне назар аудару;
🔹 Жол-көлік оқиғаларының алдын алу жолдары.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.
Мұндай профилактикалық кездесулер – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жол қауіпсіздігін сақтау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды шара. 🚔🚦