20
февраль
2026
«Жол ережесін сақтайық!»


🚦 «Жол ережесін сақтайық!» тақырыбында дөңгелек үстел
Мектебімізде 8-сынып оқушылары арасында «Жол ережесін сақтайық!» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, оқушылардың жол қозғалысы ережелері туралы білімін арттыру және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Дөңгелек үстел барысында жолда жүру тәртібі, жаяу жүргіншілердің құқықтары мен міндеттері, жол белгілерінің маңызы және қауіпсіздік шаралары кеңінен талқыланды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, түрлі жағдаяттарды талдау арқылы дұрыс шешім қабылдау жолдарын қарастырды.
Іс-шараға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Куанышова Б. О. және мектеп инспекторы Исабеков Б. қатысып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Мұндай тәрбиелік іс-шаралар жасөспірімдердің жауапкершілігін арттырып, жол қауіпсіздігін сақтауға бағытталған маңызды қадам болып табылады.