17
февраль
2026
Меркі ауданы полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Олжас Төлегенұлы Омарбеков білім алушылармен алғашқы жұмыс кездесуін өткізді.



Меркі ауданы полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Олжас Төлегенұлы Омарбеков білім алушылармен алғашқы жұмыс кездесуін өткізді.
📍 Кездесу Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 10–11 сынып оқушыларымен ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі тақырыбы – «Кәмелетке толмағандар арасындағы буллинг пен кибербуллингтің алдын алу». Кездесу барысында оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің түрлері, оның құқықтық салдары, сондай-ақ интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелері кеңінен түсіндірілді.
Жастар өз ойларын ашық айтып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауап алды. Полиция басшысы жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.
Мұндай тағылымды кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.
Басты мақсат – қауіпсіз қоғам қалыптастыру және өскелең ұрпақтың құқықтарын қорғау.