20
февраль
2026
«Мектепке барар қауіпсіз жол»



🔰Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2026 жылдың 18-ші ақпан күні тақырыбы: «Мектепке барар қауіпсіз жол» жобасы аясында мектеп ішіндегі қауіпсіздік нысандарын қайта қалпына келтіру және оқушылар арасында таныстыру жұмыстарының жүргізілуі туралы.
📍Мектебімізде оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолда жүру ережелерін насихаттау мақсатында кешенді іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, мектеп дәліздерінде орналасқан «Мектепке барар қауіпсіз жол» бұрыштары мен арнайы бөлмелерге қайта қалпына келтіру, жаңарту жұмыстары жүргізілді.
Жаңарту барысында ақпараттық стендтер ретке келтіріліп, мазмұны толықтырылды, көрнекі құралдар, жол белгілерінің макеттері, ескерту және тыйым салу белгілері қайта безендірілді. Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелеріне қатысты жаңа түсіндірме материалдар, сызбалар, қауіпсіз бағыт карталары ілінді. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес танымдық ақпараттар мен суретті нұсқаулықтар орналастырылды.
Қайта қалпына келтірілген бұрыштар мен бөлмелер заманауи талаптарға сай безендіріліп, оқушыларға қолжетімді әрі түсінікті форматта Меркі АПБ ҚҚБ ЮПТ аға инспекторы Исабеков Бектас Қуатұлы таныстырып өтті.
Аталған жұмыстардан кейін мектеп оқушыларына арнайы таныстыру шаралары ұйымдастырылды. Сынып жетекшілерінің және жауапты мұғалімдердің жетекшілігімен оқушылар «Мектепке барар қауіпсіз жол» бұрыштарына барып, ондағы мәліметтермен танысты. Түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жолда жүру ережелері, жаяу жүргіншілердің міндеттері, бағдаршам белгілерінің мағынасы, мектепке келу және қайту кезіндегі қауіпсіз бағыттар туралы кеңінен ақпарат берілді.
Іс-шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Сонымен қатар, практикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде нұсқаулықтар берілді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың жол қауіпсіздігі туралы білім деңгейі арттырылып, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға оң ықпал етті.