02
октябрь
2023
Асхананың жұмысына зерделеу
2023-2024 оқу жылының қазан айында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары М.А.Нысанбаев және аудандық білім бөлімінің маманы Зеткулов К.Е. Иван Трубицын атындағы № 17 мектеп – гимназиясының асханасының жұмысын тексерді. Тексеру барысында асхананың жұмысының дұрыс ұйымдастырылуы, тыйым салынған тағамдардың сатылмауын, санитарлық талаптардың сақталуын, ауыз су режимінің дұрыс ұйымдастырылуын, асхана тазалығы, ас мәзірінің перспективты мәзірге сәйкестігі және т.б. қаралды. Аталған тармақтар бойынша кемшіліктер анықталған жоқ.