Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы ақпарат » ОШГ №17 имени Ивана Трубицына
Қабылдау бөлімі :
+7(726 32)2 19 93
Есепші бөлімі:
+7(726 32)2 19 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы ақпарат
25
февраль
2022

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы ақпарат

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы

ақпарат


       25 ақпан  күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 жұмыс күні ұсынылды. 

       Мектеп асханасында  ақпан айында 139 білім алушы тамақтанды. Асхананың санитарлық жағдайы қанағаттанарлық. Асхана тазалығы күнделікті тексеріліп отырылды. Асхана қызметкерлерінің сыртқы киім үлгісі барлық санитарлық талапқа сай.  Ауыз су режимі сақталады. Қайнаған судың ауыстырылған уақыты мен ауыстыру кестесі көрсетілген.    

 Тағам ас мәзіріне сәйкес: сәбіз салаты, лағман сиыр етімен, кептірілген жеміс-жідек сусыны, қара бидай наны ірімшікпен; бәрі нормаға сай беріледі. Дайындалған тағамның сапасы жақсы, дәмді.  Білім алушылар тамақтанар алдында жеке гигиеналық шараларды сақтайды. Тоңазытқыш – технологиялық жабдықтар жақсы жұмыс істеп тур. Келген азық түлік сапасы жақсы, жарамдылық мерзімі сақталады.  Медициналық қызметкерлері күнделікті тағамдардың талапқа сай дайындалуын, аспаздардың денсаулығының  дұрыстығын үнемі бақылауда ұстайды.

       Мектеп асханасының  кіреберісінде қол жуатын орындарда арнайы кептіргіштер  орнатылған. Білім алушыларға арналған қол жуатын 10 орын бар. Ас блогында ыдыс жуатын су бұру жүйелерінің бәрі істеп тур.  Ас блогындағы санитарлық жағдай қалыпты, талаптар сақталған.  

           Қойма, ет цехы, нан цехы бөліктерінде санитарлық талаптар сақталған.   Тоңазытқыштарда жабдық мақсаты көрсетілген. Температуралық режим сақталған. Термометрлер бар.   

             Пісіру цехында персоналдың қолын жууы үшін арнайы орын қарастырылған. Аспазшылар қағаз сүлгілер пайдаланады. 

         Мектептің материалдық базасында персоналдарға арналған душ қарастырылмаған. Тексеру барысында анықталғаны: еден жуатын швабралар дұрыс таңбаланбаған өндіріс меңгерушісі Л.Т.Мырзабаеваға ескертілді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив