Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы ақпарат
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы
ақпарат
27 қыркүйек күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 жұмыс күні ұсынылды.
Тексеру нәтижесінде асханада ауыз су режиміне қойылатын талаптардың сақталмағаны анықталды. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларының 3-тарау 28 тармағында көрсетілген «Қайнаған ауыз су 3 сағаттан аспай сақталған жағдайда оны пайдалануға жол беріледі» талаптар орындалмаған. Қайнаған судың ауыстырылған уақыты мен ауыстыру кестесі көрсетілмеген. Және кварцтау режимін уақытын көрсетілмеген.
Мектеп асханасының кіреберісінде қол жуатын орындарда арнайы кептіргіштер орнатылған. Білім алушыларға арналған қол жуатын 10 орын бар. Ас блогында ыдыс жуатын су бұру жүйелерінің бәрі істеп тур. Ас блогындағы санитарлық жағдай қалыпты, талаптар сақталған.
Қойма, ет цехы, нан цехы бөліктерінде санитарлық талаптар сақталған. Тоңазытқыштарда жабдық мақсаты көрсетілген. Температуралық режим сақталған. Термометрлер бар. Тауар көршілестігін сақтау талаптары орындалған.
Пісіру цехында персоналдың қолын жууы үшін арнайы орын қарастырылған. Кептіру үшін синтетикалық матадан жасалған сүлгілерді пайдаланған. Бір реттік қағаз сүлгілерді пайдалану керектігі ескерілмеген.
Персоналдарға арналған тұрмыстық бөлмеде қызметкерлердің жеке заттарын сақтауға арналған арнайы шкафтар қарастырылмаған. Заттары арнайы киім сақтауға арналған шкафтарға ілінген.
Мектептің материалдық базасында персоналдарға арналған душ қарастырылмаған.