Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы ақпарат
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы
ақпарат
31 қаңтар күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 жұмыс күні ұсынылды.
Мектеп асханасында қаңтар айында штаттық форматта білім алатын 80 білім алушы тамақтанды. Асхананың санитарлық жағдайы қанағаттанарлық. Асхана тазалығы күнделікті тексеріліп отырылды. Асхана қызметкерлердің сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. Ауыз су режимі сақталады. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларының 3-тарау 28 тармағында көрсетілген «Қайнаған ауыз су 3 сағаттан аспай сақталған жағдайда оны пайдалануға жол беріледі» талаптары уақытылы орындалады. Қайнаған судың ауыстырылған уақыты мен ауыстыру кестесі көрсетілген.
Тағам ас мәзіріне сәйкес: ұй кеспесі құс етімен, кисель, тәтті нан сүзбемен, қара бидай наны; бәрі нормаға сай беріледі. Дайындалған тағамның сапасы жақсы, дәмді. Білім алушылар тамақтанар алдында жеке гигиеналық шараларды сақтайды. Тоңазытқыш – технологиялық жабдықтар жақсы жұмыс істеп тур. Келген азық түлік сапасы жақсы, жарамдылық мерзімі сақталады.
Ас блогында ыдыс жуатын су бұру жүйелерінің бірі істен шыққан. Оны ауыстыру ДШІЖО орынбасары Д.А.Курманалиевке тапсырылды.
Қойма, ет цехы, нан цехы бөліктерінде санитарлық талаптар сақталған. Тоңазытқыштарда жабдық мақсаты көрсетілген. Температуралық режим сақталған. Термометрлер бар.
Пісіру цехында персоналдың қолын жууы үшін арнайы орын қарастырылған. Аспазшылар қағаз сүлгілер пайдаланады. Кейбір жабдықтар мен мүкәммалды таңбалаулары ескірген, өндіріс меңгерушісі Л.Т.Мырзабаеваға ескертілді.