Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы ақпарат
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы
ақпарат
17 наурыз күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 жұмыс күні ұсынылды.
Мектеп асханасында наурыз айында 142 білім алушы тамақтанды. Асхананың санитарлық жағдайы қанағаттанарлық. Асхана тазалығы күнделікті тексеріліп отырылды. Асхана қызметкерлердің сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. Ауыз су режимі сақталады. Ауыз су режимі сақталады. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларының 3-тарау 28 тармағында көрсетілген «Қайнаған ауыз су 3 сағаттан аспай сақталған жағдайда оны пайдалануға жол беріледі» талаптары уақытылы орындалады. Қайнаған судың ауыстырылған уақыты мен ауыстыру кестесі көрсетілген.
Тағам ас мәзіріне сәйкес: балық котлеті, қайнатылған күріш, нан, сары май, кептірілген жеміс-жідек сусыны, алма; бәрі нормаға сай беріледі. Дайындалған тағамның сапасы жақсы, дәмді. Білім алушылар тамақтанар алдында жеке гигиеналық шараларды сақтайды. Тоңазытқыш – технологиялық жабдықтар жақсы жұмыс істеп тур. Келген азық түлік сапасы жақсы, жарамдылық мерзімі сақталады.
Қойма, ет цехы, нан цехы бөліктерінде санитарлық талаптар сақталған. Тоңазытқыштарда жабдық мақсаты көрсетілген. Температуралық режим сақталған. Термометрлер бар. Пісіру цехында персоналдың қолын жууы үшін арнайы орын қарастырылған. Аспазшылар қағаз сүлгілер пайдаланады. Анықталған кемшіліктер: пісіру цехінде артық заттар болды, және көкөніс цехінде қалдықтар мерзімінде шығарылмады, өндіріс меңгерушісі Л.Т.Мырзабаеваға қатаң ескертілді, тез арада кемшіліктер жойылды.