Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы ақпарат » ОШГ №17 имени Ивана Трубицына
Қабылдау бөлімі :
+7(726 32)2 19 93
Есепші бөлімі:
+7(726 32)2 19 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы ақпарат
15
апрель
2022

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы ақпарат

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы

ақпарат


      15 сәуір   күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 жұмыс күні ұсынылды. 

         Тексеру нәтижесінде асханада ауыз су режимі  сақталатыны анықталды. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларының 3-тарау 28 тармағында көрсетілген «Қайнаған ауыз су 3 сағаттан аспай сақталған жағдайда оны пайдалануға жол беріледі» талаптары уақытылы орындалады. Қайнаған судың ауыстырылған уақыты мен ауыстыру кестесі көрсетілген.    

       Мектеп асханасының  кіреберісінде қол жуатын орындарда арнайы кептіргіштер  орнатылған. Білім алушыларға арналған қол жуатын 10 орын бар. Ас блогында ыдыс жуатын су бұру жүйелерінің бәрі істеп тур.  Ас блогындағы санитарлық жағдай қалыпты, талаптар сақталған.  

           Қойма, ет цехы, нан цехы бөліктерінде санитарлық талаптар сақталған, бірақ пісіру цехта тексеру барысында артық ыдыс - ақ болғаны.    Тоңазытқыштарда жабдық мақсаты көрсетілген. Температуралық режим сақталған. Термометрлер бар.  Бірақ, тексеру барысында сүт өнімдері мен көкөністер бір сөреде қатар қойылған. Өнімдерді сақтау режимі ескерілмеген. 

             Пісіру цехында персоналдың қолын жууы үшін арнайы орын қарастырылған. Аспазшылар қағаз сүлгілер пайдаланады. Ыдыс жуатын қызметкердің құлағында сырғасы болды, ол қатаң ескертілді;

         Мектептің материалдық базасында персоналдарға арналған душ қарастырылмаған. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив