Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысының тоқсандық есебі.
Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысының тоқсандық есебі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылармен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және женілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сай 2018 – 2019 оқу жылында мектеп асханасында білім алушыларды бір мезгіл тегін және ата – ана есебінен тамақпен қамтуда атқарылған жұмыс нәтижесі қаралды.
Аталған бағыт бойынша мектеп басшысының 27.08.2018 жылғы № 252 бұйрығымен жауапты маман болып бекітілген директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары В.Т.Байгашева ақпараттық есебін берді. Атап айтсақ, жауапты маман өз есебінде 6.09.2018 жылдың мектептің педагогикалық кенесінде анықталған 4 аз қамтылған отбасынан шыққан 14 білім алушы мектеп асханасында бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылатын балалар тізіміне енгізілсін деген шешім қабылданып, көрсетілетін қызметті алушылардың (балалардың ата – аналарынан) құжаттарды аталған стандарт талабына сай жинақталды, аталған бағытта жұмыстар атқару мақсатында 03.09.2018 жылы № 290 бұйрығы қабылданып, жұмыс жоспары құрылып, жоспар мектеп басшысымен бекітілгені туралы баяндай келе, жалпы 14 білім алушының ішінен әлеуметтік санаттарына қарай 5 (бес) білім алушы – жетім немесе ата – анасының қамқорлығысыз қалған болса, 9 (тоғыз) білім алушы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыдан шыққан. Екі тоқсан ішінде тізімге тағыда біраз оқушылар қосылды. Кәзіргі таңда 23 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылады. 8 (сегіз) оқушы жетім немесе ата – анасының қамқорлығысыз қалған болса, 15 (он бес) білім алушы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыдан шыққан.
I ауысымдағы 1,6,7,8,9 сынып оқушылары 3 сабақтан кейін, II ауысым бойынша 2 - 5 сынып оқушылары 2 сабақтан кейін тамақтаңдырылып, асханада кезекшілік жасау кестесі құрылды.
Баяндамашы жоғарыда аталған бұйрық негізінде құрамында 7 мүшесі бар тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия тобы мектеп асханасында балалардың ыстық тамақпен уақтылы қамтылуын апта сайын қадағалап, тексеріп отыратының, тексеріс нәтижелері жауапты маман тарапынан арнайы журналға тіркеліп отырылатынын баяндап өтті.
Сонымен қатар, ол өз есебінде қырқүйек айының басында медбикелер тарапынан мектепте білім алушылар арасында «Д» тобында есепте тұрған балалардың тізімі анықталып, олар оқу жылы бойы сабаққа түрлі себептермен келе алмай қалған білім алушылардың орнын алмастырып отыратының, сабаққа келмей қалған білім алушылар сынып жетекшілерінің көмегімен күн сайын алғашқы сабақтарда анықталып, оларды «Д» тобындағы білім алушылармен алмастыру жұмысы өз тарапынан жүргізіліп, мектеп медбикелері тарапынан қадағаланып отырғандығын, 2018 жылдың 21 қырқүйегінде мектеп әкімшілігі мектептің әлеуметтік қызметімен бірлесе отырып жоспарынан тыс мектеп асханасында білім алушыларды, оның ішінде аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды бір мезгіл тегін тамақпен қамту жұмысы аясында мектеп асханасында балалардың ата – анасымен «Ашық есік күн» іс – шарасы ұйымдастырылғаның баяндап өтті. Іс – шараның мақсаты жоғарыда аталып өткен мемлекеттік көрсету стандартына сай білім алушылардың мектеп асханасында тегін және ата – ана есебінен тамақтану барысында дайындалған астың ас мәзірімен сәйкестігі, оның сапасы, жалпы ұйымдастыру жұмыс барысымен ата - аналарды таныстыру болды. 19 қарашамен – 23 қараша аралығында «Дұрыс тамақтану» апталығы өтті. Сынып жетекшілер сыныптарында тәрбие сағаттар өткізіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.