«Мектептегі тамақтандыру» бойынша анықтама
«Мектептегі тамақтандыру» бойынша анықтама
№ 17 Иван Трубицын атындағы ЖББМГ әкімшілігі тұрақты түрде қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізеді, оқушыларды өзіне қызмет көрсетуге және қоғамдық тамақтану орындарында өзін-өзі ұстау мәдениетіне үйретеді.
Мектепте барлық оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалған.
Әкімшілік пен мұғалімдердің айрықша бақылауымен тегін тамақтануға құқығы бар аз қамтылған отбасылардың балалары тамақтандырылады. Бір реттік ыстық тамақ құны 300 теңгені құрайды. Тамақтану үшін сабақ арасындағы үзілістерді ұйымдастырылған.
Мектепте ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізіледі: ата-аналар жиналыстарында балаларды ыстық тамақпен қамту қажеттілігі түсіндіріледі; мектеп оқушыларымен тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық және тәрбие жұмыстары: оқушыларды ыстық тамақтануға қатыстыру бойынша сынып сағаттары, сыныптан тыс шаралар өткізілген. Оқушыларды тамақтандыру белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Барлық сынып жетекшілері оқушыларды асханаға алып барады және тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалайды.
Тамақтану блогы түрі – асхана.
Отыратын орындар саны – 80 орын.
Мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру жүйесінің міндеттері келесідей:
- оқушыларды толық ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
- тағамның нәрлілігі мен үйлесімділігін қадағалау;
- оқушыларға салауатты өмір салты ұстанымдарын үйрету;
- жағымды дағдыларды қалыптастырып, салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыру;
- тамақтану мәдениеті мен өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру;
Үйлесімді тамақтандыруды бақылау жүзеге асырылады, мектептің медицина пунктінің медициналық қызметкері тамақтану мәдениеті мен салауатты өмір салтын насихаттау бойынша дәрістер ұйымдастырады, көрнекті насихаттау жұмыстары жүргізіледі: сурет байқаулары, сыныптарда денсаулық бұрыштарын жабдықтау жүзеге асырылады.
Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша басты міндеттері:
Оқу жылының басында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылады, мұнда тегін ыстық тамақ алуға құқығы бар оқушылардың тізімдік құрамы бекітіледі.
Көп балалы және әлеуметтік қорғансыз топтарға жатқызылатын оқушылар санаттары ата-аналар тапсырған құжаттарға сәйкес анықталған.
Барлық шешімдерді ұсынылған құжаттар (ата-аналарының өтініші, санатын растайтын құжат, сынып жетекшісі мен ата-аналар комитетінің отбасын тексеру акті) негізінде қабылданады.
Тегін тамақты келесі санаттарға жатқызылатын көп балалы және әлеуметтік қорғансыз отбасылардың балалары алады:
- аз қамтылған отбасынан шыққан балалар;
- жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар (заңды өкілінің);
- қамқоршылықтағы (қорғаншылық) балалар, асырап алынған балалар;
Мектеп оқушыларының қалған бөлігін тамақтандыру ата-анасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Мектепте оқушылардың уақытылы және сапалы тамақтандырылуы мәселелерінің шешімін табу үшін оқушылардың тамақтану сапасын және ұйымдастырылуын бақылау комиссиясы құрылған.
Мақсаты: Мектептегі оқушылардың сапалы тамақтануын ұйымдастыру
Комиссия құрамы мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.
Комиссия құрамына келесі өкілдер кіреді: мектеп әкімшілігі, ата-аналар қоғамы, педагогикалық ұжым, медициналық қызметкер.
Комиссияның міндеттері:
- Аз қамтылған отбасындағы оқушылардың тамақтануына бөлінген қаражаттың тиімді қолданылуын бақылау;
- Асханаға әкелетін азық-түлікті және дайын тағамдардың тиімді қолдануын қадағалау;
- Мәзірдің бекітілген рационға сәйкестігін бақылау;
- Дайындаған тамақтың сапасын бақылау;
- Ас блогының санитарлық талаптарға сай болуын бақылау;
- Азық-түліктің мектепке түскен мерзімін, олардың сақталу және қолдану мерзімдерін қадағалау;
- Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру;
- Асханадаға кезекшілікті ұйымдастыру және т.б.
Күн сайын жеткізілген өнімдердің, дайындалған тағамдардың сапасы тексеріліп, асхана жұмыскерлерінің денсаулығын бақылау журналы жүргізілген. Жеткізілген шикі және дайын өнімдерді бақылау және оларды сақтау шарттары мен жарамдылық мерзіміне сәйкес пайдалану бақылауға алынған.
Дайындаған: ДОІЖО Байгашева В.Т.