24
январь
2019
Хаттама мектеп формасы
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп – гимназиясының ата – аналар жиналысының
Хаттамасы №
6 қыркүйек 2018 жыл
Қатысқандар – 180
Қатыспағаны –
Күн тәртібінде
- Қ.Р. Білім және Ғылым министрлігі 14 ақпан 2016 жылғы №26 бұйрығымен таныстыру.
Мектеп директоры: Тлеубердиева Г.Е.
- Мектеп формасының бірыңғай стандартының сақталуы және білім беру мекемелерінің мектеп формасын киюі туралы талаптарымен таныстыру
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ярных Ю.М.
Тыңдалды:
- Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп – гимназиясының директоры Г.Е. Тлеубердиева Г.Е. сөз алып, ата-аналарды Қ.Р. Білім және Ғылым министрінің 14 ақпан 2016 жылғы №26 «жалпы білім беретін мекемеге» мектеп формасын кию туралы талаптарымен таныстырды. Ата - аналар комитетінің төрағасы Зарипов М.С. қатысуымен және мектеп мектептің педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша мектеп оқушыларының формасы көк түс екенін белгілі. Оған 2017-2018 оқу жылында көшкенін білесіздер, сол көк түсті мектеп формасының сақталатынын айтып өтті.
- 2-ші мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ю.М. Ярных сөз алып, мектеп формасы қандай болу керек екенін тағы да қайталап айтты. Ұл балаларға көк түсті костюм шалбар, ақ кофта кию керек. Мектепте хиджап, никаб, паранджа, қалпақ, әр түрлі түсті орамалдар салуға, алқа, крест тағы басқа заттарды тағуға тиым салынатындығын айтып өтті. Мектеп фойесінде мектеп формасының ілініп тұрғанын айта келіп және әр ата – ана балаларын мектеп формасымен қамтамасыз етуіне көңіл бөлуін талап етті. Егер жоғарыдағы айтылған талаптарды орындалмаған жағдайда:
- Ата – аналар құқықты жауапкершілікке тартылады, аудандық білім және ішкі саясат бөлімшесіне хабарлайды.
- Екі жұмыс күннің ішінде талаптар орындалмаса, онда құқық қорғау мекемелері және психологиялық қызмет көрсету орталығы сол ата – аналармен жұмыс жүргізілгендігін
- ата – аналар мектеп талабын және формасы туралы талаптарды орындамаған жағдайда аудандық, облыстық құқық қорғау мекемелеріне жауапқа тартылатындығы туралы тағы да ескертті.
- Қ.Р. білім туралы заңының 47 бабының 1-15 пунктінде оқушыларға міндетті түрде мектеп формасын кию, Қ.Р. Заңының 49 бабы 2,6,7, пунктінде ата – аналар осы талаптарды орындауын талап ету, және ата – аналар балаларын мектеп формасымен қамтамасыз ету айтылды. Жалпы ата – аналар жиналысы қаулы етеді.
Шешімі:
- Қ.Р. Білім және Ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 ақпандағы бекітілген мектеп формасының стандартқа сай сақталуын қадағалансын.
- Жалпы білім беретін мекемелердегі мектеп формасының талаптарының орындалуы әрбір сынып жетекшісінен және ата – аналардан талап етілсін.
- Мектепке хиджаб, никаб, орамал т.б. заттарды тағуға салуын қадағалау директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ю.М. Ярныхқа тапсырылсын.
- Мектеп психологтары Ойшиева Г.Ж., Тотаева Л.К. мен мектептің әлеуметтік педагогтары Рахметова Ф.Т. және Мырзахметова Г.Г. – дан мектеп оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізу тапсырылсын.
Ата – аналар жиналысының төрағасы: Зарипов М.С.
Хатшы: Рейфжанова А.Р.