№ 17 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында асхана мен білім беру объектісінің қызметкерлері арасында COVID-19-дың таралуына жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы
Анықтама
№ 17 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында
асхана мен білім беру объектісінің қызметкерлері арасында COVID-19-дың таралуына жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысымен бекітілген және «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 16.08.2021 жылғы № 03-4644 хатын басшылыққа ала отырып, мектеп асханасының қызметінің шектеу іс – шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезінде білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптарға сай жұмыс жүргізілуін қамтамасыз етілуіне байланысты мектепте жиналыс өтті. Қазіргі таңда мектеп осы талаптарға сай жұмыстар жүргізілуде. Объектіге кіреберісінде қолды тері антисептиктері қойылған . Ортақ пайдаланылатын орындарда қолды сабынмен жууға арналған қолжуғыштар бар. Асханаға кіреберісте және тамақтану залында қол жууға барлық жағдайлар жасалған. Өндірістік процестермен (технологиялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету, шикізат пен өнімді жеткізу) байланысты жұмыстарды орындайтын адамдарды қоспағанда, асхана қызметіне байланысты емес адамдардың кіруін шектеу қойылды.
Асхананың толтырылуы тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатын 30 % - дан аспайтыны қадағаланады, үстелдер арасындағы және келушілер арасындағы кемінде 2 метр қашықтықтың сақталуын қамтамасыз етілген. Үзіліс және демалыс уақытында асхана қызметкерлерінің қозғалысы шектеулі екенің түсіндірілді (объекті аумағынан шығу, лауазымдық міндеттерін орындаумен байланысты емес басқа учаскелерге бару). Асханалардың жұмыскерлері (сатушылар, аспаздар, даяшылар, кассирлер және тамақ өнімдерімен тікелей байланысы бар басқа да жұмыскерлер) келушілерге қолын жиі өңдей отырып, бір рет қолданылатын маскамен (маскаларды ауыстыру 3 сағатта кемінде 1 рет) қызмет көрсетеді. Асхананың жұмыс режимі мектеп әкімшілігімен келісім бойынша тамақтану аяқталғаннан кейін (ағындар арасында) тамақтану залын жинау және дезинфекциялау үшін 40 минут үзіліспен белгіленеді. Мектеп әкімшілігі, мектеп медбикелері, асхана қызметкерлері осы санитарлық талаптарға сәйкес қызмет жасауда.
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі және бракераждық комиссиялардың құрамы, қызмет жоспары жасалды.
Шешімі:
- Балаларды сапалы тамақпен қамтамасыз ету туралы іс – шаралар жоспары бекітілді.
- Атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер білім беру ұйымының интернет – ресурсындағы «Мектептік тамақтандыру» айдарына үнемі жарияланып отырылсын.
- Ата-аналарымен үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.