Асхана мен білім беру объектісінің қызметкерлері арасында COVID-19-дың таралуына жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді » ОШГ №17 имени Ивана Трубицына
Қабылдау бөлімі :
+7(726 32)2 19 93
Есепші бөлімі:
+7(726 32)2 19 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Асхана мен білім беру объектісінің қызметкерлері арасында COVID-19-дың таралуына жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
05
апрель
2021

Асхана мен білім беру объектісінің қызметкерлері арасында COVID-19-дың таралуына жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Асхана мен білім беру объектісінің қызметкерлері арасында COVID-19-дың таралуына жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
       Қазақстан  Республикасының  Бас мемлекеттік  санитарлық дәрігерінің  2021 жылғы 14 қаңтардағы қаулысын басшылыққа ала отырып, шектеу іс – шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезінде  білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптарға сай жұмыс жүргізілуін қамтамасыз етілуіне байланысты мектепте  жиналыс өтті. Қазіргі таңда  мектеп осы талаптарға сай жұмыс жүргізілуде.   Объектіге  кіреберісте қолды  тері антисептиктері қойылған . Ортақ пайдаланылатын орындарда қолды сабынмен жууға арналған қолжуғыштар қойылған. Асханаға кіреберсте  және тамақтану залында қол жууға  арналған жағдайлар жасалған. Өндірістік процестермен (технологиялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету, шикізат пен өнімді жеткізу) байланысты жұмыстарды орындайтын адамдарды қоспағанда, асхана қызметіне байланысты емес адамдардың кіруін шектеу қойылды.
  Асхананың толтырылуы  тамақтану залының  отыратын орындарының жобалық қуатын 30 % - дан аспайтыны қадағаланады,  үстелдер арасындағы және келушілер арасындағы кемінде 2 метр қашықтықтың сақталуын қамтамасыз етілген. Үзіліс және демалыс уақытында асхана қызметкерлерінің қозғалысы шектеулі екенің түсіндірілді (объекті аумағынан шығу, лауазымдық міндеттерін орындаумен байланысты емес басқа учаскелерге бару). Асханалардың жұмыскерлері (сатушылар, аспаздар, даяшылар, кассирлер және тамақ өнімдерімен тікелей байланысы бар басқа да жұмыскерлер) келушілерге қолын жиі өңдей отырып, бір рет қолданылатын маскамен (маскаларды ауыстыру 3 сағатта кемінде 1 рет) қызмет көрсетеді. Асхананың жұмыс режимі мектеп әкімшілігімен келісім бойынша тамақтану аяқталғаннан кейін (ағындар арасында) тамақтану залын жинау және дезинфекциялау үшін   40 минут үзіліспен белгіленеді.  Осы талаптарға сәйкес мектеп әкімшілігі, мектеп медбикелері, асхана қызметкерлері  де   қызмет жасауда.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив