Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 22 қазандағы N 501 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 12 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4995 болып енгізілді.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.12.2016 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 44-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. 1-тармақ жаңа
редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.12.2016 № 715 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. "Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңес қызметін ұйымдастыру туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 қарашадағы N 923 бұйрығының (N 3254 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі К. Шәмшидиноваға жүктелсін.
6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің |
|
|
Қазақстан Республикасы |
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.12.2016 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа
редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.12.2016 № 715 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 3-тармақ жаңа
редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.12.2016 № 715 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз қызметтерін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
2. Қамқоршылық кеңестің құрамы, құрылымы және қызметі
6. Қамқоршылық кеңес аталған білім беру ұйымының құрылтайшысы және білім алушылардың ата-аналарының бастамасы бойынша жалпы жиналыста құрылуы мүмкін.
7. Қамқоршылық кеңестің құрамына:
1) басқа да білім беру ұйымдарының, басқару органдарының өкілдері;
2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер;
3) қоғамдық ұйымдардың, қорлардың, қауымдастықтардың өкілдері;
4) демеушілер кіруі мүмкін.
Ескерту. 7-тармақ жаңа
редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.12.2016 № 715 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасарын Қамқоршылық кеңес сайлайды.
14. Қамқоршылық кеңес жұмысының мақсаттары:
1) білім беру ұйымына оның жарғылық қызметтерін жүзеге асыруға ықпал ету;
2) білім беретін оқу бағдарламаларын ойдағыдай іске асыру мақсатында білім беру ұйымының оқушылары мен педагогикалық ұжымы үшін қажетті жағдайлар жасау;
3) білім беру ұйымына қаржылық қолдауды, материалдық-техникалық базасын күшейтуді қамтамасыз ету;
4) білім беру ұйымының әрі қарай дамуына ықпал ету;
5) білім беру ұйымы жұмысының, оның ішінде қаржы қаражаттарын бөлу жұмыстары үшін қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.
Ескерту. 14-тармақ жаңа
редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.12.2016 № 715 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15. Қамқоршылық кеңес жұмысының негізгі бағыттары:";
1) білім беру ұйымына әлеуметтік-мәдени, сауықтыру және дамыту іс-шараларын өткізуге көмек көрсету;
2) тәрбие мен оқыту саласында халықаралық ынтымақтастықты орнату мен дамытуға ықпал ету;
4) білім беру ұйымының қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстар енгізу болып табылады;
5) білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесінің алдында есебін тыңдау болып табылады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа
редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.12.2016 № 715 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату
Ескерту. 3-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.12.2016 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
16. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату:
1) құрылтайшының бастамасы бойынша;
2) Қамқоршылық кеңестің бастамасы бойынша;
3) білім беру ұйымын таратуға және қайта ұйымдастыруға байланысты жүзеге асырылады.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс
енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.12.2016 № 715 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК