Мектептегі тамақтандыру туралы
№ 17 Иван Трубицын атындағы ЖББМГ
Білім басқармасының 04.09.2020 жылғы № 02 – 4164 хатының негізінде, ҚР білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығын іске асыру шеңберінде тамақтану сапасын мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясының, ведомствоаралық сараптамалық топтардың қызметін жүзеге асыру бойынша ұсынымдар әзірленген. Жұмыстар негізінде ата – аналар қоғамдастығының қызмет көрсетушілердің өкілдерімен қажетті ақпараттық – түсіндіру жұмыстары жүргізілді, интернет – ресурстарында ұсынымдар орналастырылды.
Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында мектеп оқушылары қашықтан оқып жатыр, ал мектеп оқушылары дәстүрлі оқуға шықса, мектеп асханасы дайын. Асхана мектептің бірінші қабатында орналасқан, тамақ өнімдерін жеткізу үшін жеке кірумен жабдықталған. Жылу, канализация, сумен қамтамасыз (суық, ыстық) етілген, сыртқа тарату желдеткіш жұмыс істейді. Жарықтандыру табиғи және жасанды.