№ 17 Иван Трубицын атындағы жалпы білім беретін мектеп – гимназиясындағы тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия және бракераждық комиссия жұмысының қорытындысы
№ 17 Иван Трубицын атындағы жалпы білім беретін мектеп – гимназиясындағы тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия және бракераждық комиссия жұмысының
қорытындысы
Иван Трубицын атындағы жалпы білім беретін № 17 мектеп- гимназиясында тамақтандыруды ұйымдастыру іс-шаралары жақсы қамтылған. Барлық бала ыстық тамақпен тамақтанады, оның ішінде 23 оқушы тегін, қалған оқушылар ата – аналардың есебінен.
Қабылданған құжаттар туралы мәлімет
№ | Қабылданған құжат саны | Күні,айы,жылы | Санаты |
1 | 23 | 03.09.2018 | Ата – аналар қамқорлығынсыз қалған балалар – 8 Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар - 15 |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылармен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және женілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сай 2018 – 2019 оқу жылында мектеп асханасында білім алушыларды бір мезгіл тегін ыстық тамақпен 23 оқушы қамтылды. Олар
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан - 15 оқушы;
2) отбасында тәрбиеленетін жетім балалар, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – қамқоршылықты (қорғаншылықты) бекіту туралы уәкілетті органның шешімі, жетім баланың (балардың) немесе ата – анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) патронаттық тәрбиеге, қабылдаушы отбасына берілгені туралы шарты бар отбасыдан – 8 оқушы;
Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу
жөніндегі комиссия қызметі туралы мәлімет
Аталған бағыт бойынша мектеп басшысының 03.09.2018 жылғы № 290 бұйрығымен 2018 – 2019 оқу жылында оқушылардың тамақтануын қадағалау мақсатында тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері тағайындалды, құрамында 7 мүшесі бар. Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия тобы мектеп асханасында балалардың ыстық тамақпен уақтылы қамтылуын апта сайын қадағалап, тексеріп отырды.I ауысымдағы 1,6,7,8,9 сынып оқушылары 3 сабақтан кейін, II ауысым бойынша 2 - 5 сынып оқушылары 2 сабақтан кейін тамақтандырылып, асханада кезекшілік жасау кестесі құрылды.
Сонымен қатар, қырқүйек айының басында медбикелер тарапынан мектепте білім алушылар арасында «Д» тобында есепте тұрған балалардың тізімі анықталып, олар оқу жылы бойы сабаққа түрлі себептермен келе алмай қалған білім алушылардың орнын алмастырып отыратының, сабаққа келмей қалған білім алушылар сынып жетекшілерінің көмегімен күн сайын алғашқы сабақтарда анықталып, оларды «Д» тобындағы білім алушылармен алмастыру жұмысы өз тарапынан жүргізіліп, мектеп медбикелері тарапынан қадағаланып отырды. 2018 жылдың 21 қырқүйегінде мектеп әкімшілігі мектептің әлеуметтік қызметімен бірлесе отырып жоспарынан тыс мектеп асханасында білім алушыларды, оның ішінде аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды бір мезгіл тегін тамақпен қамту жұмысы аясында мектеп асханасында балалардың ата – анасымен «Ашық есік күн» іс – шарасы ұйымдастырылды. Іс – шараның мақсаты жоғарыда аталып өткен мемлекеттік көрсету стандартына сай білім алушылардың мектеп асханасында тегін және ата – ана есебінен тамақтану барысында дайындалған астың ас мәзірімен сәйкестігі, оның сапасы, жалпы ұйымдастыру жұмыс барысымен ата - аналарды таныстыру болды. 19 қарашамен – 23 қараша аралығында «Дұрыс тамақтану» апталығы өтті. Сынып жетекшілер сыныптарында тәрбие сағаттар өткізіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бракераждық комиссия жұмысы туралы мәлімет
Мектеп асханасында тамақ әзірлеу және тамақ дайындауда сапалы азық – түлік түрлерін қолдану мақсатында 1.09.2018ж № 289 бұйрықпен бракераждық комиссия мүшелері тағайындалды. Бракераждық комиссияның рұқсатынсыз дайын өнімдерді асханаға жіберуге жол берілмейді. Күнделікті жұмыс күнінің басында мектеп медбикесі асхана қызметкерлерін іріңді аурулар, ангина бар-жоғына тексереді және Денсаулық журналын жүргізеді. Сонымен қатар ас блогына түсетін тез бұзылатын өнімдердің сапасын анықтайтын сертификаттар талап етіледі. Асханада сыныптардың тамақтану уақыты мектеп директорының келісімімен бекітілген. Ең негізгі құжаттардың бірі – мәзір. Мәзір – белгілі бір күні көрсетілген, сол күнгі тағамдар мен сусындар тізбесі. Мектепте перспективалық ас мәзірі жасалып, бекітілген.
Асхананың жұмысы, тамақтың сапасы, оқушылардың дұрыс тамақтануын бракераждық комиссия қадағалап отырады және бракераж комиссиясының актілері арнайы журналға тіркелген.
Тамақтану сапасы құрамын міндеті түрде мектептің медициналық пунктінің медициналық қызметкері тексереді, бракераждық комиссия бақылайды.
Асхана бұрышы: күнделікті ас мәзірі, тамақтан уланудың алдын-алу, оқушының жеке бас гигиенасы, аспазшы кеңесі, жедел ішек ауруларының алдын - алу туралы жаднамалармен безендірілген. Ас мәзірі қайталанбайды,
Тамақтану бөлмесінде жеке үстелде қайнаған ауыз су күні бойы үзілмейді. Қолданылған және таза стақандар арнайы табақта тұрады. Мектеп медбикесі оқушылардың дұрыс тамақтануын және тағамдардың дұрыс дайындалуын үнемі қатаң қадағалап отырады.
Мектеп асханасы орталықтандырылған ыстық және суық сумен жабдықтау жүйелерімен жабдықталған. Ыдыс жууға арналған щеткалар мен шүберектер жұмыс аяқталғаннан кейін тазартылады, жуу құралдарын қосу арқылы температурасы +45 С ыстық суға салынады, ағынды суда шайылады және кептіріледі.
Жұмыс күнінің соңында барлық асханалық, шай ыдыстары, аспаптар дезинфекциялау ерітіндісіне салынады, содан соң ыдыс ағынды сумен мұқият шайылады. Таза асханалық ыдыс пен аспаптар шкафтарда және торларда сақталады. Асхана жұмыскерлеріне жеке және арнайы киім мен аяқ киімді бөлек сақтауға арналған киім ілетін және киім ауыстыруға арналған шкаф бар.
Асхананың әр жұмыскерінің медициналық тексеріс - қараудан өткендігі, гигиеналық оқытылғаны және жұмысқа жіберілгені туралы белгісі бар жеке медициналық кітапшасы бар.
Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия қызметі және жалпы ыстық тамақты ұйымдастыру мәселелері бойынша интернет ресурстарға салынған материалдар туралы
Әр ай сайын Ғаламтор желісіне: Кунделикке, мектеп сайтына ақпарат салнып отырды (сүреттер қосымша).
Пісірілген буфеттік тағам түрлері
2018 – 2019 оқу жылында мектеп асханасында тек қана СЭҚ – тың руқсаты бар буфеттік тағамдар дайындалды.
Мектепте «С» дәруменнің берілу жүйесі туралы мәлімет.
Жыл бойы білім алушыларды тамақтандыру барысында
ІІІ-тағамға «С» дәрумені қосылады, оқушылардың денсаулығына пайдалы көкөністерден әртүрлі салаттар жасалып тұрды. Жауапты медициналық пунктінің медицина қызметкері Джазбакова К. бекітілген. Жалпы 67 күн «С» витаминдеу жүргізіліп, арнайы журналға тіркеліп отырды.
Қорыта келе, оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстарында, мемлекеттік қызмет көрсету стандартының талаптарын орындауда жыл бойы барлық талаптар сақталынып, қанағаттанарлық деңгейде ұйымдастырылды.
Балалардың дұрыс тамақтануы олардың денсаулығын нығайтып, дене дамуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар мидың дамуына, ойлау қабілетін жақсаруына және жүйке жүйесіне жақсы ықпал етеді. Яғни баланың сабақ үлгерімі жақсы болуына дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Егер бала құнарлы тамақтанбаса, ағзада метаболизм, зат алмасу бұзылып, әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейды. Сондықтан балалардың тамақтануын сапалы ұйымдастыруға барлық жағдай жасап отырамыз.
Жауапты маман болып бекітілген директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары В.Т.Байгашева.
Мектеп директоры: Г.Е.Тлеубердиева