Оқушыларды ыстық тамақпен қамту жағдайын тексеру АКТІСІ » ОШГ №17 имени Ивана Трубицына
Қабылдау бөлімі :
+7(726 32)2 19 93
Есепші бөлімі:
+7(726 32)2 19 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушыларды ыстық тамақпен қамту жағдайын тексеру АКТІСІ
25
октябрь
2019

Оқушыларды ыстық тамақпен қамту жағдайын тексеру АКТІСІ

№ 17 Трубицын атындағы жалпы білім беретін мектеп – гимназиясында оқушыларды ыстық тамақпен қамту жағдайын тексеру АКТІСІ

Осы акті 25. 10. 2019 жылы жасалынды.

         Актінің мәні мектептегі і ыстық  тамақтың ұйымдастырылу жағдайын тексеру жөнінде. Біз актіге қол қоюшылар қазан айының 25-ы күні мектептегі ыстық тамақтың ұйымдастырылу жағдайын тексерілгендігін растаймыз.
          № 17 жалпы білім беретін мектебінің тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы асханадағы бір мезгіл тамақтандыруды ұйымдастыру деңгейінде бақылау жүргізді.
       Мектепте перспективалық ас мәзірі жасалып, бекітілген.   Бракераждық журналдар дұрыс жүргізілуде. Аспазшылардың денсаулығын тексеріп, шикізат пен дайын тағамдардың жағдайына бақылау жүргізілген.
        Асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. Ыдыстармен қамтылуы және ыдыс жуатын бөлменің жай-күйі қанағаттанарлық деңгейде. Ыдыстар жеткілікті, ыдыс жуатын бөлме таза, әр ыдыс орынды қойылған, ыдыстардың беті жабық тұрады. Асхана барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.  Көкөніске, дайын өнімдерге, шикізаттарға арналған стеллаждар жасалынған және заттар нормаға сәйкес сақталынған. Қайнаған су бар. Шағымдар мен ұсыныс кітабы бар. Қол жуатын арнайы орын жабдықталған. Жеткізілген тамақ өнімдерінің сапасы қанағаттанарлық, тоңазытқыш - технологиялық жабдықтары жарамды және ауа температурасы +4С көрсетіп түр, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері өтпеген.
         Жалпы тексеру қорытындысына сәйкес тамақтандыруды ұйымдастыру жағдайы қанағаттанарлық екендігі анықталды.
    Осыны растап қол қоюшы комиссия мүшелері:
           Мектеп директоры:                              Тлеубердиева Г.Е.
                                 ДОІЖО:                              Байгашева В.Т.
          Директордың құқық жөніндегі
          орынбасары:                                            Шидакова Л.А
Мед.қызметкер:                                       Батиева Д.
Кәсіподақ төрайымы:                              Коханова Б.М.
Өндіріс меңгерушісі (аспазшы):            Шарипова Г
Ата – ана:                                                 Умаркулова Г.Т.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив