Ата-ана жиналысы
2023 жылдың 18 қыркүйегінде Иван Трубицын атындағы № 17 мектеп-гимназиясында АКТ залында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 1-11 сынып ата-ана комитетінің өкілдері, сынып жетекшілер, және мектеп әкімшілігі қатысты. Жиналысты мектеп директоры А.А.Калкабаева ашты. Өз сөзін Президент Қ.К.Тоқаевтың Жолдауынан бастады. Елбасы Жолдауында көптеген мәселелер қамтылған. Соның бірі баланың дұрыс тамақтануы және мектеп асханасынан берілетін ыстық тамақтың ұйымдастырылуы туралы айтылды. Қазіргі таңда ұрпақ денсаулығы ең маңызды мәселенің бірі. Президентіміз халыққа Жолдауында ұрпақ денсаулығын нығайту ең басты мәселе екенін ескере отырып, 1-4 сынып оқушыларына мектеп асханасынан тегін ыстық тамақпен қамтуды тапсырды. Қазіргі таңда сол тапсырманы орындау мақсатында республика бойынша білім ошақтарында 4 қыркүйектен бастап 1-4 сынып білім алушыларымен аз қамтылған отбасы балалары бір мезгіл тегін тамақ ішеді. Мектеп асханасына жаңа үстелдер мен орындықтар және асхана жабдықтарының келгенін, асхананың жұмысының дұрыс ұйымдастырылуы, тыйым салынған тағамдардың сатылмауы, санитарлық талаптардың сақталуы мектеп жанынан құрылған комиссия тарапынан үнемі тексеріліп тұратынын айтты. Буфет тағамдарының бағасы бекітілген прайспен сатылатының айтып, ата-аналарды мектеп асханасының жұмысын көріп шығуға болатынын ескертті. Жиналыс соңында ата-аналар асханаға кіріп, асхананың жағдайын, жабдықталуын, пісірілген тағам түрлерін көріп шығып, шағым кітапшасына өз пікірлерін жазды және асхана тағамдарына балаларының риза екенін айтып, асхана қызметкерлеріне алғыс білдірді.