Мектептегі тамақтандыру бойынша ақпарат » ОШГ №17 имени Ивана Трубицына
Қабылдау бөлімі :
+7(726 32)2 19 93
Есепші бөлімі:
+7(726 32)2 19 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектептегі тамақтандыру бойынша ақпарат
25
февраль
2022

Мектептегі тамақтандыру бойынша ақпарат

№ 17 Иван Трубицын атындағы жалпы орта білім беретін мектептегі тамақтандыру бойынша ақпарат

Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақтың құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс.Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.

Әсіресе, «Ұрпақ денсаулығы – ұлттың саулығы»- демекші, дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін – оны назардан тыс қалдыруға болмайды.

Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады.  Дұрыс тамақтану денсаулықтың басты факторы.  

    Мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру жүйесінің міндеттері келесідей:

- оқушыларды толық ыстық тамақпен қамтамасыз ету;

 - тағамның нәрлілігі мен үйлесімділігін қадағалау;

 - оқушыларға салауатты өмір салты ұстанымдарын үйрету;

 - жағымды дағдыларды қалыптастырып, салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыру;

 - тамақтану мәдениеті мен өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру.

   Мектепте барлық оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалған.  

 Әкімшілік пен мұғалімдердің айрықша бақылауымен Жаппай оқу білім беру қоры есебінен тегін тамақтануға құқығы бар аз қамтылған отбасылардың балалары   тамақтандырылады.   


Оқу жылы 

Жаппай оқу білім беру қоры есебінен

Ата - ана


2022

140 білім алушы

2039


Тамақтану үшін сабақ арасындағы үзілістер ұйымдастырылған. Мектеп тұрақты түрде қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізеді, оқушыларды өзіне қызмет көрсетуге және қоғамдық тамақтану орындарында өзін-өзі ұстау мәдениетіне үйретеді.

  Мектепте ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізіледі: ата-аналар жиналыстарында балаларды ыстық тамақпен қамту қажеттілігі түсіндіріледі; мектеп оқушыларымен тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық және тәрбие жұмыстары: оқушыларды ыстық тамақтануға қатыстыру бойынша сынып сағаттары, сыныптан тыс шаралар өткізіледі. Оқушыларды тамақтандыру  белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Барлық сынып жетекшілері оқушыларды асханаға алып барады және тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалайды.


 Тамақтану блогы түрі – асхана.

 Отыратын орындар саны – 80  орын.

Қазіргі таңда   мектеп САНПин  талаптарына сай жұмыс жүргізілуде.   Объектіге  кіреберісте қолды  тері антисептиктері қойылған . Ортақ пайдаланылатын орындарда қолды сабынмен жууға арналған қолжуғыштар қойылған. Асханаға кіреберсте  және тамақтану залында қол жууға  арналған жағдайлар жасалған. Асханаға  бөгде адамдардың  кіруіне   рұқсат жоқ.    СанПИН талаптарына сәйкес мектеп әкімшілігі, мектеп медбикелері, асхана қызметкерлері   де  қызмет жасауда.

Күн сайын жеткізілген өнімдердің, дайындалған тағамдардың сапасы тексеріліп, асхана жұмыскерлерінің денсаулығын бақылау журналы жүргізілген. Жеткізілген шикі және дайын өнімдерді бақылау және оларды сақтау шарттары мен жарамдылық мерзіміне сәйкес пайдалану бақылауға алынған.

Дайындаған: В.Т.Байгашева

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив