№ 17 Иван Трубицын атындағы жалпы орта білім беретін мектептегі тамақтандыру
№ 17 Иван Трубицын атындағы жалпы орта білім беретін мектептегі тамақтандыру
Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақтың құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс.Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.
Әсіресе, «Ұрпақ денсаулығы – ұлттың саулығы»- демекші, дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін – оны назардан тыс қалдыруға болмайды.
Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады. Дұрыс тамақтану денсаулықтың басты факторы.
Мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру жүйесінің міндеттері келесідей:
- оқушыларды толық ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
- тағамның нәрлілігі мен үйлесімділігін қадағалау;
- оқушыларға салауатты өмір салты ұстанымдарын үйрету;
- жағымды дағдыларды қалыптастырып, салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыру;
- тамақтану мәдениеті мен өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру.
Асхана мектептің бірінші қабатында орналасқан, тамақ өнімдерін жеткізу үшін жеке кірумен жабдықталған. Жылу, канализация, сумен қамтамасыз (суық, ыстық) етілген, сыртқа тарату желдеткіш жұмыс істейді. Жарықтандыру табиғи және жасанды.
Түскі зал 80 отырғыш орындыққа есептелген. Жеке бас гигиенасын сақтау үшін оқушыларға арнап 10 раковиналар орнатылған.
Ас блогы құрамына кіреді: ыстық цех аймақтары (үлестірме, дайындағыш, асхана және ас үй ыдыс-аяқты жуғыш, құрғақ азық-түліктің қоймасы, көкөністер үшін қойма, гардероб, персонал үшін дәретхана ).
Технологиялық және тоңазытқыш жабдықтардан бар: өндірістік электрплита, 1 пісіру шкафы, 2 тоназытқыш, 1 мұздатқыш камера, азық-түлікті өлшеу үшін таразы. Барлығы жұмыс істейді. Өндірістік үстелдер - 4, барлық бөлшектеу тақтайшалары таңбаланған.
Асхана персоналы мен қамтамасыз етілген (аспазшы, аспазшының көмекшісі, наубайшы, таратушы, ас үй жұмыскері). Асхана ыдыс-аяқпен, асхана аспаптарымен, ас-үйлік ыдыс-аяқпен қамтамасыз етілген. Медициналық тексерістен асхана қызметкерлері өткен, санитарлық кітапшалары жұмыс орнында,СанПин-ға сәйкес арнайы киіммен қамтамасыз етілген.
Перспективтік ас мәзірін жасау кезінде № 611 Санитарлық ережеге сәйкес оқушылардың жастық ерекшіліктері, тағамның калориялығының сақталуы есепке алынды. Тамақтану бекітілген ас мәзіріне, таратылған ас мәзіріне сәйкес жасалған, дайындалған тағам тізімдемесі күн сайын тағамдардың бағасы мен нормасының көрсетілуімен персонал, оқушылар мен ата-аналарға танысу үшін қойылады.
Аз қамтылған отбасы, жетім балалар (ұсынылған анықтамаға сәйкес) жаппай оқу қорынан тегін тамақтанады. Қалған оқушылар ата-анасы есебінен тамақтанады.
Оқу жылы | Барлығы | Ата – анасы есебінен | Жаппай оқу білім беру қоры есебінен | ||
2018 - 2019 | 2108 | 2097 | 98,9 | 23 | 1,09 |
2019 - 2020 | 2190 | 1960 | 99,4 | 220 | 10,9 |
2020 - 2021 | 2240 | 2074 | 92,5 | 156 | 6,9 |
Асхана жұмысын бақылау мақсатында мектеп бұйрығымен тамақтану сапасына бақылау бойынша комиссия құрылған. Комиссияға мектеп әкімшілігі, мектеп медициналық қызметкері, ата-аналар комитетінің төрағасы кірді. Ай сайын жасалған жоспарға сәйкес асхана тексерісі өткізіледі: санитарлық жағдайына тексеріс, тағамды дайындау технологиясын орындау, дайын өнімнің шығуы, азық-түліктің сертификаттары, тоназатқышта тауарлық көршілестік, уақытында толтыру.
Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау мақсатында асханадағы генералдық тазалау кестесі құрастырылған, СанПин-ға сәйкес аспазшының бұрышына ілінген аспазшы мен ас үй жұмыскері үшін нұсқаулықтар жасалған. Дезқұралдар мен сабын жуғыш құралдармен қамтамасыз етілген. Дезерітінді күнделікті дайындалады, тоназатқыш жұмысының температурасын бақылау жүргізіледі де арнайы журналға жазылады. Асхана персоналы күнде медқызметкермен іріңдік, вирустық ауруларға тексеріледі және лайықты журналға тіркеледі. №611 СанПин-ғе сәйкес дайындалатын тағамның картотекасы жасалған. Онда тағамның нормасынан басқа ақуыз, май, көмірсуды санау және әрбір тағамның калориялығы, дайындау технологиясы бар . Мектептің медқызметкері күнде дайындалатын тағамның сынамасын алады және «Бракераждық журналға» нәтижесін тіркейді. Азық-түлік өнімдерінің сертификаттары жалға алушыда бар, мерзімінен шыққаннан кейін ауыстырылады. Тағамдар технологияға сәйкес дайындалады, салаттар жаңа көкөністен, пісірілген көкөністен дайындалады, тағамдар он күнге дейін қайталанбайды.
Тамақтануды ұйымдастыру сұрақтары, тамақтануды бақылау сыныптық ата-аналар жиналысында, мұғалімдердің планеркаларында, директор жанындағы мәжілісте, педкеңесте қарастырылады. Сынып сағаттарында оқушылармен рационалдық тамақтану туралы әнгімелер өткізіледі.
Қазіргі таңда мектеп САНПин талаптарына сай жұмыс жүргізілуде. Объектіге кіреберісте қолды тері антисептиктері қойылған . Ортақ пайдаланылатын орындарда қолды сабынмен жууға арналған қолжуғыштар қойылған. Асханаға кіреберсте және тамақтану залында қол жууға арналған жағдайлар жасалған. Асханаға бөгде адамдардың кіруіне рұқсат жоқ. Асхананың толтырылуы тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатын 30 % - дан аспайтыны қадағаланады, үстелдер арасындағы және келушілер арасындағы кемінде 2 метр қашықтықтың сақталуын қамтамасыз етілген. Осы талаптарға сәйкес мектеп әкімшілігі, мектеп медбикелері, асхана қызметкерлері де қызмет жасауда.
Күн сайын жеткізілген өнімдердің, дайындалған тағамдардың сапасы тексеріліп, асхана жұмыскерлерінің денсаулығын бақылау журналы жүргізілген. Жеткізілген шикі және дайын өнімдерді бақылау және оларды сақтау шарттары мен жарамдылық мерзіміне сәйкес пайдалану бақылауға алынған.