«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» атты ашық есік апталығы » ОШГ №17 имени Ивана Трубицына
Қабылдау бөлімі :
+7(726 32)2 19 93
Есепші бөлімі:
+7(726 32)2 19 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» атты ашық есік апталығы
24
февраль
2020

«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» атты ашық есік апталығы

«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»
атты ашық есік апталығы
№ 17 жалпы білім беретін мектебінде тамақтандыру жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру, тиімді тамақтануды насихаттау мақсатында 2020 жылы 10 – 14 ақпан аралығында «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» атты ашық есік апталығы өткізілді. Апталық дұрыс тамақтанудың маңыздылығын жөнінде барлық мүдделі тараптардың әсіресе мектеп жасындағы балалардың ақпараттылық деңгейін көтеру, мектепте оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін ықпал ету мақсатында ұйымдастырылып, өткізілді.
Апталық аясында мектептің әлеуметтік педагогы Мурзахметова Г.Г. 10 ақпан күні 5 -11 сыныптар арасында сауалнама жүргізіп, қорытындысын жасады. 10 – 14 ақпан аралығында 1 – 6 сыныптарда - «Дұрыс тамақтанудың маңыздылығы» атты тәрбие сағаттары өтті. Сонымен қатар апталық барысында 7 - 8 сынып оқушылар арасында дөңгелек үстел өтті. Бүл іс – шараға ДТЖО, әлеуметтік педагог, мектеп медбікесі, сынып жетекшілері, және ата – аналар қатысты. Батиева Д., мектеп медбікесі, өз сөзінде Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар екенің айтып кетті.
1) Тамақ құрамында негізгі өректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу); 2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлемент); 3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты; 4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау; 5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы.
Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен
сабақ үлгеру қабілетін арттырады. Дұрыс тамақтану денсаулықтың басты факторы. Ол адамның өмір сүруі мен жұмысына тиімді әсер етеді. Адамның тамақтануында минералды заттар маңызды рөл атқарады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді. Балалардың тамақтануының үлкендерге қарағанда, едәуір айырмасы болады. Үлкендерге тамақ организмдегі тіршілік процестерін қолдану үшін, әртүрлі жұмыстарға жұмсалған күш қуатты қалпына келтіру үшін қажет болса, өсіп келе жатқан жас организмге тек өмірлік процестерді ғана қолдану үшін емес, сонымен бірге бүкіл организмнің өсу, даму, қалыптасу процесіне қажет екенің ДОІЖО В.Т.Байгашева өз сөзінде айтып кетті.
Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақтың құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.
Әсіресе, «Ұрпақ денсаулығы – ұлттың саулығы»- демекші, дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін – оны назардан тыс қалдыруға болмайды.
Жалпы № 17 жалпы білім беретін мектебінде тамақтандыруды ұйымдастыруға байланысты өткізілген ашық есік апталығын нәтижесінде үйлесімді және дұрыс тамақтану жөнінде оқушылардың және ата – аналардың ақпараттылық деңгейі артты. Тиімді тамақтану сапалық білім алудың негізі екендігі жөнінде кеңінен акпараттық, нәсихаттау жұмыстары жүргізілді.












Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив