Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі
«Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі»
Иван Трубицын атындағы № 17 жалпы білім беретін мектеп - гимназиясы бойынша 2021 -2022 оқу жылында мектеп асханасында оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмысы барысында «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» тақырыбында өткізілген онкүндіктің
Анықтамасы
Мектебімізде тиімді тамақтануды насихаттау мақсатында 8 - 19 қараша аралығында «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» тақырыбында онкүндіктің жоспары жасалынып, бекітілді. 8 қараша күні жоғары сынып білім алушыларымен «Адам денсаулығының басты арқауы, салауатты өмiр сүрудiң басты шарты – дұрыс тамақтану» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел басына 9 - 10 сынып білім алушыларымен мектеп медбикесі, сынып жетекшілер жиналды. Мектеп медбикесі Д.Батиева: «Тәжірибе бойынша, әрбір екі өлімнің біреуінің өмірін дұрыс тамақтануға байланысты сақтап қалуға болады. Бұл әсіресе, 50 жастан асқан адамдарға қатысты. Осы қауіптің алдын 40-тан 50 пайызға дейін тек тамақ арқылы алуға болады. Сондай-ақ, сүйек сынғыштық, қант диабеті аурулары, бәрі айналып келгенде, «ас - адамның арқауына» байланысты болып отыр.»-деді. Сонымен бірге, тамақтану - адамның тіршілік етуінің басты шарттарының бірі» - екендігіне тоқталды. Өзін – өзі тану пәні мұғалімі Г.Архабаева қан қысымының көтерілуіне бірден-бір себеп ас құрамындағы тұздың шамадан тыс көп болуынан екендігін түсіндірді. Дәруменге бай азық-түліктерді мейлінше көбірек тұтынып, байытылған ұннан жасалған тағамдарды тұтынып, қимыл қозғалысты арттырып, жүйке жүйесін болмашы жағдайларға байланысты қоздырмай, дене шынықтырумен айналысып, зиянды әдеттерге әуестенбей, салауатты өмір салтын берік ұстануға шақырды.
3 – 4 сынып білім алушылары «Дұрыс тамақтану – негізгі байлық» атты диктант жазды, 5 – 6 сынып білім алушылар «Дұрыс тамақтану пирамидасы» қабырға газетің шығарды, 7 -8 сынып білім алушылармен «Дұрыс тамақтану» атты ашық сынып сағаттар өтті.