08
декабрь
2020
Қазақстан Республикасы: тұрақты даму мен кемел келешектің кепілі
2020 жылдың 20 қараша күні Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасы: тұрақты даму мен кемел келешектің кепілі» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған облыстық педагогикалық оқулар өтті. Жамбыл облысынан педагогикалық оқуларға 52 мұғалім қатысты. Педагогикалық оқулар екі бағытта жүргізілді. (үздік сабақтар және бейнесабақтар) Байқау қорытындысы бойынша Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімдері Тұрсынов Жасұлан Есқалиұлы «Конституциямызға 25 жыл: өркендеу мен дамудың жаңа ғасыры» тақырыбында бейнесабақ көрсетіп, І орынмен марапатталды. Ал Суталиева Гүлназ Мәмбеткерімқызының «Қазақстан Республикасы: тұрақты даму мен кемел келешектің кепілі» тақырыбындағы сабағы үздік деп танылып, ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаз ұстаздарымызды жеңістерімен құттықтап, шығармашылық ізденіс және толағай табыстар тілейміз.