"Дұрыс тамақтану - денсаулық негізі"
Иван Трубицын атындағы № 17 ЖОББМГ 8"Ә" сынып оқушылары өткізген
"Дұрыс тамақтану - денсаулық негізі" атты тәрбие сағатына ақпарат.
8 «Ә» сыныпта, сынып жетекші: Кибраева Н.А. қарашаның 17 күні "Дұрыс тамақтану- денсаулық негізі" атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: Дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту. Тазалық гигиенасы туралы ережелерді қайталау. Дүниетанымын, ой - өрісін арттыру. Дұрыс тамақтана білуге тәрбиелеу.
8 "Ә" сынып оқушылары әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, және бірінші байлық денсаулық екені туралы өз пікірлерімен бөлісті. Тәрбие сағатына 24 оқушы қатысты. Тәрбие сағат сұрақтары бар қорапша, "зиянды және пайдалы тағам себеті" әдістері қолданылды. Сонымен қатар Рахимбаев Темірлан, Ахтанберді Әдемі, дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет туралы өз ойларын айтты. Тәрбие сағаты алға қойылған мақсатына сай өткізілді.