Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы АҚПАРАТ
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы
АҚПАРАТ
19 мамыр күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді.
Мектеп асханасында мамыр айында 169 білім алушы тегін, қалғаны ата – ананың есебінен тамақтанды. Асхананың санитарлық жағдайы қанағаттанарлық. Асхана тазалығы күнделікті тексеріліп отырылды. Асхана қызметкерлердің сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. Ауыз су режимі сақталады. Ауыз су режимі сақталады. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларының 3-тарау 28 тармағында көрсетілген «Қайнаған ауыз су 3 сағаттан аспай сақталған жағдайда оны пайдалануға жол беріледі» талаптары уақытылы орындалады. Қайнаған судың ауыстырылған уақыты мен ауыстыру кестесі көрсетілген.
Тағам ас мәзіріне сәйкес, бәрі нормаға сай беріледі. Дайындалған тағамның сапасы жақсы, дәмді. Білім алушылар тамақтанар алдында жеке гигиеналық шараларды сақтайды. Тоңазытқыш – технологиялық жабдықтар жақсы жұмыс істеп тур. Келген азық түлік сапасы жақсы, жарамдылық мерзімі сақталады.
Қойма, ет цехы, нан цехы бөліктерінде санитарлық талаптар сақталған. Тоңазытқыштарда жабдық мақсаты көрсетілген. Температуралық режим сақталған. Термометрлер бар. Бірақ, тексеру барысында тауар көршілестігі сақталмаған, бір тоңазытқыштың іші сүртілмеген. Пісіру цехында персоналдың қолын жууы үшін арнайы орын қарастырылған. Аспазшылар қағаз сүлгілер пайдаланады. Тағыда бір анықталған кемшілік: ыдыс жуатын цехінде қалдықтар мерзімінде шығарылмаған. Аспазши А.Жантаеваға қатаң ескертілді, тез арада кемшіліктер жойылды. Медбіке Д.Батиеваға асхана жұмысын қатаң бақылауда ұстау тапсырылды.