"Жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру және ұйымдастыру"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің басшылығымен "1+10" шеберлік мектебі жобасы аясында облысымыздың үздік педагогтары жас мамандармен апта сайын жоспар бойынша вебинарлар өткізуде. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бектіғұлова Н.М."Жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру және ұйымдастыру" тақырыбында кезекті онлайн-вебинар өткізді. Вебинарда жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастырудың құрылымы мен алгоритмінің қадамдары ұсынылып,пән мұғалімдеріне жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу барысында тиімді әдіс-тәсілдер мен тапсырма үлгілері таныстырылды.
Бул жаңа бастаманың жас мамандардың біліктілігін арттырып,педагогикалық шеберлігін шыңдап,кәсіби өсуіне өз ықпалын тигізері сөзсіз. Тәжірибе алмасу жұмыстарына шығармашылық табыстар тілейміз.