25
апрель
2023
"Сабақты зерттеу - даму мен ілгерудің формуласы"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің басшылығымен орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Ү.Каймалакова "1+10" шеберлік мектебі жобасы аясында 2 вебинар өткізді. "Сабақты зерттеу - даму мен ілгерудің формуласы" атты онлайн-вебинарда тобымдағы 10 ұстазға сабақты зерттеу тәжірибесімен бөлісті. Вебинарда тәжірибеде туындаған проблемаларды бірлесе шешу, зерттеу сұрағын дұрыс таңдау, сабақты бірлесе жоспарлау, оқушылардың іс-әрекетін зерделеу, оқушы үнін тыңдау, педагогикалық рефлексияны жетілдіру мәселелеріне ұстаздардың назары аударылды. "Жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру және ұйымдастыру тәртібі" вебинарында әріптестерге жиынтық тапсырмалардың үлгісі көрсетіліп, оны тиімді құрастыру жолдары қарастырылды. Іс-шара материалдары қатысушыларға ұсынылды. Жоба жоспарына сәйкес вебинарлар апта сайын ұйымдастырылады