09
январь
2023
"Сабақты зерттеу - оқытуды жақсартудың кепілі"
"Сабақты зерттеу - оқытуды жақсартудың кепілі" тақырыбында мектепішілік семинар ұйымдастырылды. «Lesson Study» – мұғалім тәжірибесіндегі білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл екенін мектеп ұстаздары көз жеткізіп, оз тәжірибелерінде пайдалануда. Семинарды мектеп директоры А.А.Қалқабаева ашып беріп, ұстаздарға сабақты зерттеудің тиімді жолдарын ізденуге, білім сапасын көтеруге мүмкіншілік беретін тәсіл екенін айтып өтті. Орыс тілінің мұғалімі Н.У.Каймалакова ІІ тоқсанда 9 сыныбында өткізген зерттеу тобының жұмысын ұсынды. "Оқушылардың танымдық қабілеттерін саралап оқыту арқылы қалай жүзеге асыруға болады?" тақырыбындағы орыс тілі, география, биология сабақтарында жүргізілген зерттеулерінің нәтижесімен бөлісті. Бастауыш сынып мұғалімі А.К.Золотько "Диалогтік оқыту оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыруға қалай әсер етеді?" тақырыбындағы зерттеу тобының жұмысын ұсынды. Директордың орынбасары В.П.Авдонькин сабақты зерттеуді ұйымдастыруда орын алатын кедергілер, оны шешу жолдары туралы ойымен бөлісті. Семинар барысында зерттеу топтары ІІ жартыжылдыққа жұмыс бағытын анықтап, ІІ тоқсанда төмен білім сапасын көрсеткен сыныптарымен сабақты зерттеу ұйымдастыру жоспарланды.