03 ноябрь 2022 0 1 2 3 4 5 «Проектная деятельность по русскому языку и литературе» Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында «Ұлағат» шығармашылық мектебінің жоспарына сәйкес шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтардың озық іс-тәжірибелерін тарату бойынша «Авторлық бағдарлама – мұғалімнің зерттеу тәжірибесінің нәтижесі» тақырыбында шеберлік сынып өткізілді. Мақсаты - авторлық бағдарламалар құрастыратын үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы авторлық тәжірибесін тарату, практикада өзінің жеке әзірлемелерін қолдануға мүмкіндік туғызу. Авторлық бағдарлама – жаңашылдығымен, өзектілігімен ерекшеленетін білім беру проблемаларын шешуге ұсынылған құралдар жиынтығы. Авторлық бағдарлама – ұстаздардың шығармашылығы мен әдістемелік тәжірибесінің, кәсіби біліктілігінің нәтижесі. Осы орайда, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Каймалакова Нағима Үйсінбайқызы «Проектная деятельность по русскому языку и литературе» тақырыбындағы авторлық бағдарламасымен таныстырып, өзінің іс – тәжірибесімен бөлісті. Сонымен бірге, авторлық бағдарлама жасаудың басты талаптары мен критерийлері түсіндіріліп, кеңес берілді.