«Менің педагогикалық идеям
2021-2022 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында педагогтардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби шеберлігін көтеру, озық педагогикалық тәжірибелерді тарату мақсатында «Менің педагогикалық идеям» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаймалақова Нағима Үйсінбайқызы шебер сабақ көрсетті. «Өмір бойы білім алу» – табысқа жету жолы. Қазіргі педагогтік қызметтің мәні үнемі өзін-өзі жетілдіру қажеттілігіне негізделген. Тек терең білімді әрі идеяшыл мұғалім оқушыны сұлулық әлеміне апара алады. Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалінде» І орынды иеленген Нағима Үйсінбайқызы шебер сабақ барысында «Проектная деятельность» тақырыбындағы өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, бүгінгі оқу үдерісіндегі жаңашылдық маңызды тәжірибе жұмыстарын жүргізуді талап ететіндігіне тоқталды. Әсіресе, оқушыларды көркем шығарма оқуға шақыратын идеясы
өзектілігімен, маңыздылығымен ерекшеленді. Бұл шебер сабақ мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндіктерін ашуына оң ықпал етті.