10 ноябрь 2022 0 1 2 3 4 5 «PISA тапсырмаларын оқу үдерісіне кіріктіру» Халықаралық зерттеулер – білім беру жүйесінің тиімділігін анықтау құралы. Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында оқушылардың ғылыми – жаратылыстану функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында «PISA тапсырмаларын оқу үдерісіне кіріктіру» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары өтті. Іс-шара барысында химия пәнінің мұғалімі Тұрарова А.М, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдраманова Г.Б, математика пәнінің мұғалімі Тұрсынова Т.Е. PISA халықаралық зерттеулер аясында оқушылардың сауаттылық дағдыларын дамытуда жұмыс жасаудың ерекшеліктерін түсіндіріп, нақты тапсырмаларға тоқталды. PISA тапсырмаларын оқу үдерісіне кіріктіру бойынша жұмыстарын көрсетті.