22
декабрь
2022
"Білім алушылардың танымдық - шығармашылық қабілеттерін арттыру арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру".
2022 жылдың 21 желтоқсан күні Иван Трубицын атындағы #17 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдраманова Гулпан Бейсенқызының аудандық шығармашылық есеп беру кеші өтті. Шығармашылық тақырыбы: "Білім алушылардың танымдық - шығармашылық қабілеттерін арттыру арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру". Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында заманауи әдіс- тәсілдерді тиімді қолдану бойынша іс тәжірибе насихаттау және тарату. Кешті мектеп директоры Қалқабаева Асипа Асанқызы мен аудандық білім бөлімінің әдіскері Досмұханбетова Зульфия Мелсқызы құттықтау сөзбен ашты. Шығармашылық есеп барысында Гулпан Бейсенқызы 10 "А" сыныбымен "Заманауи индустрия: өндіріс жетістіктері" тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Сондай- ақ электрондық портфолионың әр бөліміне тоқталып, өз іс- тәжірибесімен бөлісті.
Мерекелік іс- шара ұлағатты ұстаздың өмірі мен шығармашылығына арналған бенефиспен жалғасты. Бенефисті Базарбаев Е.Б пен Сахова Н.А жүргізді. Мұнда ұстаздың әріптестері, достары мен шәкірттері естеліктерімен бөлісіп, жылы лебіздерін жеткізіп, ән мен күйден шашу шашты.