14 октябрь 2022 0 1 2 3 4 5 «География сабағында жаңа білім беру платформаларын қолдану тиімділігі» Меркі ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2022 жылдың 14 қазан күні Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясының базасында «Нәтижеге бағытталған білім беру технологияларын тиімді қолдану жолдары» тақырыбында география пәні мұғалімдеріне арналған аудандық тәжірибелік семинар өтті. Мақсаты: Білім сапасын арттыру мақсатында заманауи әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану бойынша іс-тәжірибе насихаттау және тарату. Семинарға аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Бопиева Сапаркүл Тұрғанбайқызы және мектеп директоры Қалқабаева Асипа Асанқызы қатысты. Семинар барысында география пәні мұғалімдері Аширбекова К.Ж, Досым А.Т «География сабағында жаңа білім беру платформаларын қолдану тиімділігі» тақырыбында коуч – сессия өткізді. Жақыпбекова Г.А 8 «В» сыныбымен «Классификация горных пород и минералов», Орынбаева Н.Т 8 «А» сыныбымен «Пайдалы қазбалардың таралу заңдылықтары» тақырыптарында ашық сабақ көрсетті. Худайбергенов Ф.А «Разработка авторских программ, как один из методов повышения профессионализма учителей» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Сабақтарда білім беру платформалары негізінде жұмыс түрлері көрсетілді. Семинарға 28 мұғалім қатысты.