07
декабрь
2021
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың ІІІ облыстық кезеңі Меркі ауданы Иван Трубицын атындағы #17 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында өтті. Олимпиаданың мақсаты білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызығушылығын анықтау, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, сондай- ақ ғылыми білімді насихаттау болып табылады. Олимпиадаға барлығы 15 оқушы қатысты. Олимпиада жалпы білім беретін пәндер негізінде математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы пәндері бойынша өткізілді.