05
март
2022
Құттықтаймыз
Аудандық пән олимпиадасының жеңімпаздарын құттықтаймыз! Оқушылардың республикалық пән олимпиадасы дарынды балаларды анықтау және дамыту, оқушылардың ғылым мен білімге қызығушылығын арттырудың тиімді нысандарының бірі болып табылады. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі 14-22 ақпан аралығында «бір қатысушы- бір компьютер-бір камера» қағидасына сүйене отырып, 14 пән бойынша өтті. Олимпиадада Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясының 30 оқушысы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, І орынмен 8 оқушы, ІІ орынмен 15 оқушы, ІІІ орынмен 7 оқушы марапатталды. Олимпиада қорытындысы бойынша І орын алған оқушылар облыстық пән олимпиадасында аудан намысын қорғайды. Облыстық додада оқушыларымыздың тек жеңіс тұғырынан көрінуін тілейміз. Сәттілік!!!