02
декабрь
2021
«Алтын сақа» олимпиадасы өтті.
«Алтын сақа» олимпиадасы
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп – гимназиясында қараша айында математика пәнінен 5- 6 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадасы өтті. Олимпиаданың мақсаты – мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту және пән бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау, олимпиада резервін қалыптастыру. Мектепішілік олимпиадаға 104 оқушы қатысты. Мектепішілік олимпиададан І орын алған оқушылар аудандық кезеңге жолдама алды. Олимпиаданың аудандық кезеңінде 5-сынып оқушысы Анархан Аружан І орынды (пән мұғалімі Тюляпова М), 5- сынып оқушысы Жұмакелді Аңсар ІІ орынды (пән мұғалімі Копбасунова М.К) иеленді.