11
ноябрь
2021
"Алтын сақа" олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті
«Алтын сақа» олимпиадасы Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп - гимназиясында 9 қараша күні математика пәнінен "Алтын сақа" олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Олимпиада мақсаты- оқушылардың математика пәніне деген интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін айқындау және дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Олимпиадаға 5,6 сыныптарынан 103 оқушы қатысып, өз білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті. Нәтижесінде жоғары ұпай жинаған оқушылар 1, 2, 3 орындарды иеленді. І орын иегерлері аудандық олимпиадаға жолдама алды.