27 октябрь 2022 0 1 2 3 4 5 «Алтын сақа» «Алтын сақа» олимпиадасы Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп - гимназиясында 26 қазан күні математика пәнінен "Алтын сақа" олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Олимпиада мақсаты- оқушылардың математика пәніне деген интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін айқындау және дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Олимпиадаға 5,6 сыныптарынан 31 оқушы қатысып, өз білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті. Нәтижесінде жоғары ұпай жинаған оқушылар аудандық олимпиадаға жолдама алды.