01
декабрь
2022
«Білім беру платформаларын тиімді қолдану-табысты оқытудың нәтижесі»
Серіктес мектептердің қажеттіліктеріне сай әдістемелік шаралар өткізу, мұғалімдер арасында іс-тәжірибелермен бөлісу мақсатында Иван Трубицын атындағы #17 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясы (жетекші мектеп) мұғалімдері серіктес мектептердің бірі #33 орта мектебінде семинар ұйымдастырды. Информатика пәнінің мұғалімі Оразова А.Т. «Білім беру платформаларын тиімді қолдану-табысты оқытудың нәтижесі» тақырыбында, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанибекова Г.Б. «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша қазақ тілі пәнінен оқу тапсырмасын дайындау жолдары» тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында қатысушылардың ұсыныс, тілектері тыңдалды.Кері байланыс алынып, семинар жұмысы қорытындыланды.