«Жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқытудың маңыздылығы»
«Жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде
оқытудың маңыздылығы»
Серіктес мектептерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында 2021 жылдың 8 сәуірінде Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында «Жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқытудың маңыздылығы» тақырыбында ZOOM платформасында вебинар болып өтті. Вебинардың мақсаты: «Үш тілде білім беру жағдайында инновациялық әдіс – тәсілдерді сабақта қолданудың тиімді жолдарын көрсету». Вебинарға серіктес №2,6,11 жалпы орта білім беретін мектептердің биология, химия, физика, информатика пәні мұғалімдері қатысты. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Иманбекова Л.Ж вебинардың өтілу барысымен таныстырды. Вебинарда Педагогикалық шеберлік орталығы Тараз қаласындағы филиалының тренері Тортаева Гульмира Балтабайқызы «Оқыту үдерісінде пәндік – тілдік кіріктіріп оқытуды (CLIL) жүзеге асырудың ерекшелігі» тақырыбында баяндама жасады. Гульмира Балтабайқызы кері байланыс арқылы үш тілде оқытудағы қиындықтар мен оларды шешу жолдары, CLIL технологиясының ерекшеліктері туралы пікір алмасты. Мұғалімдер тақырып бойынша өз білгендерін ортаға салды. Сонымен бірге, физика пәнінің мұғалімі Манкеева Ж.А «Физика пәнін ағылшын тілінде кіріктіріп оқытудың тиімділігі», информатика пәнінің мұғалімі Оразова А.Т «CLIL технологиясының элементтерін информатика сабағында тиімді пайдалану», биология пәнінің мұғалімі Алденбекова А.Т «Биология пәнін үш тілде оқыту арқылы құзыретті тұлғаны қалыптастыру» тақырыптарында өз іс – тәжірибелерімен бөлісті.