01
декабрь
2022
«Менің педагогикалық идеям»
Қараша айында бекітілген жоспарға сәйкес Иван Трубицын атындағы #17 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясы (жетекші мектеп) серіктес #6, #33 жалпы орта білім беретін мектептерде семинар өткізді.Серіктес мектептерді дамытуда, мұғалімнің кәсіби біліктілігін шыңдауда, білім алушылардың оқу жетістігінің нәтижесін арттыруда жетекші мектептің атқаратын рөлі зор. Жетекші мектептің қызметі мұғалімді дайындау емес, бар білімді тереңдетуге, жетілдіруге бағытталады, мұғалімнің кәсіби дамуына, шыңдалуына ықпал ететін қызметті жүзеге асыратын мектеп десек болады. Осы орайда жетекші мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қаймалақова Н.У. «Менің педагогикалық идеям» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті. Педагогикалық идеялар фесттваліне тапсырманы қалай дайындап таңдау керектігін жан-жақты түсіндірді. Семинар барысын серіктес мектептің әріптестері сұрақ-жауап алаңына айналдырды.