Плакаттар байқауы
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында білім алушылар арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу, баланың құқықтарын қорғау, мейірімділік пен өзара сыйластық құндылықтарын қалыптастыру мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында 2–6 сынып оқушылары арасында плакаттар байқауы өткізілді. Байқауға бастауыш және орта буын сынып оқушылары белсенді қатысып, өз шығармашылық жұмыстарында зорлық-зомбылықсыз қоғам, қауіпсіз балалық шақ, достық, сыйластық және адамгершілік тақырыптарын