Қыздар жиналысы
«Қауіпсіз қоғам» жобасы аясында кәмелетке толмағандардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылық пен қылмыстың, зорлық-зомбылықтың, сондай-ақ жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы ағарту жұмыстарын жүргізу мақсатында түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға мектеп инспекторы Б.Қ. Исабеков, директордың құқықтық тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Е.Б. Базарбаев, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.О. Куанышова, сынып жетекшілері және оқушылар қатысты.